Шымкентте "Самал-1" ықшамауданында үш көше карантинге жабылды

Отырар, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2020 20:59 Отырар
Тайманов, Сәрсенбаев және Сүлейменов көшелері карантинге жабылды.

Шымкенттегі "Самал-1" ықшамауданындағы Қ.Қазиев көшесімен шектесетін үш көше карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz Отырар сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған науқас Н.Тайманов көшесінде тұрған. Осы көшеге жапсарлас жатқан Сәрсенбаев және Сүлейменов көшелері карантинге жабылды.

Аталған көшелерге кіруге және шығуға тыйым салынады. Карантинді аймаққа 7 блок-бекет қойылды.

Абай ауданы әкімдігі мамандарының айтуынша бұл аумақта 70 үй орналасқан.

Қазіргі уақытта карантин аумағындағы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: