Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен сөйлесті
Ақорда
Тараптар әлемдегі коронавирус індетінің таралуына қатысты қазіргі ахуалды және оның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.
Тараптар әлемдегі коронавирус індетінің таралуына қатысты қазіргі ахуалды және оның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.
Шарль Мишель елімізде COVID-19 вирусының одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Президентінің нақты іс-қимылдары мен шешімдеріне жоғары баға берді.
Оның айтуынша Қазақстан Орталық Азия аймағындағы Еуропалық одақтың аса маңызды серіктесі саналады. Осы ретте еліміздің індетке қарсы күрес жөніндегі халықаралық және өңірлік іс-шараларға атсалысуының маңызы зор екенін, оның Брюссельде жоғары бағалатынын жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript