Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500-ге жетті
2020 жыл, 4 сәуір, сағат 09:15 уақытындағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының тағы 36 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның ішінде Алматыда - 16, Атырау облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 7, Жамбыл облысында - 1, Шымкент қаласында - 1, Түркістан облысында - 4, Маңғыстау облысында - 1 және Қарағандыда - 4.
Жалпы еліміз бойынша коронавирустың 500 жағдайы расталды, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан - 202,
Алматы - 109,
Қызылорда облысы - 26,
Қарағанды облысы - 26,
СҚО - 25,
Түркістан облысы - 23,
Атырау облысы - 22,
Ақмола облысы - 19,
Шымкент - 12,
Алматы облысы - 9,
Жамбыл облысы - 9,
Ақтөбе облысы - 7,
Шығыс Қазақстан облысы - 4,
БҚО - 2,
Маңғыстау облысы - 3,
Павлодар облысы - 1,
Қостанай облысы - 1 жағдай.