Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе қаласына да карантин енгізіледі

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2020 15:41 ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе өңірінде 11 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Ақтөбеде 6 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі таңда Ақтөбеде 11 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Жетеуі шетелден келген, ал қалғандары осы адамдармен тығыз байланыста болғандар. Дертті жұқтыру тізбегін бұзу үшін облыс орталығында карантин енгізіледі. Ол 6 сәуірде сағат 21:00-де басталады, - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Қалада барлық мекемелер жұмысын тоқтатады, тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан (10:00-20:00 аралығында жұмыс істейді), өнекәсіп орындары, қала өміріне маңызды нысандар, медициналық ұйымдар, жанар-жағармай бекеттері, көлікке қызмет көрсету стансаларынан басқасы.

Қоғамдық демалыс орындары, саябақтар, балалар алаңына баруға болмайды.

Көліктің барлық түрі қаладан шықпайды, кірмейді. Қаулы кейбір азаматтардың жүріп- тұруына рұқсат береді. Тізімі арнайы жарияланады.

Қоғамдық көлік қозғалысына кесте енгізіледі: 7:00-ден бастап 9:00-ге дейін, түскі 12:00-ден бастап, 14:00-ге дейін, кешкі 17:00-ден бастап, 21:00-ге дейін.

Қала аумағында залалсыздандыру жұмысы күшейтіледі. Тек медицина қызметкері, полиция мен коммуналдық мекеме жұмысшыларына ешқандай шектеу жоқ. Азық-түлік, дәріханаға, қоқыс шығаруға баруға болады. Жеделсатыны пайдаланғанда арнайы тәртіпті сақтау керек. Жеделсатыда екі адамнан артық адам болмауы тиіс.

Кәмелетке толмаған балаларға үлкендерсіз далаға шығуына болмайды. 65-тен жоғары үлкен кісілер өз-өзін оқшаулап, карантин режиімін қатаң сақтауы тиіс.

"65 жастан асқан адамдарға, қажет болмаса, сыртқа шықпауды ұсынамыз. Әрине, карантин кезеңінде тамақ, дәрі-дәрмек сатып алу, емделу, банктік және пошта қызметтерін тұтыну үшін сыртқа шығуға рұқсат етіледі. Толық шешім кейінірек шығарылады", - деді Беркімбаева.

Жалпы республикамызда жаңа вирусты жұқтырудың 584 жағдайы анықталды. Ақтөбе облысында 11 жағдай тіркелді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: