Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы Маминмен кездесті

Елбасы сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2020 21:38 Елбасы сайты
Ең бастысы - халқымыздың бірлігі мен тыныштығы.

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Елбасы сайтының хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті елімізде қабылданған шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқынын төмендету мүмкін болғандығын баса атап өтті.

Медицина қызметкерлерінің жұмыла істеген жұмысының үлесі зор екенін ерекше атап өту керек. Қиын жағдайда құқық қорғау органдары да өз тиімділігін танытты. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар да белсенді жұмыс істеп жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Назарбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Президенттің барлық бастамаларын халыққа жеткізу маңызды. Мен бұл туралы облыс әкімдерімен телефон арқылы сөйлескен кезде де айттым, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев осы жағдайда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

Әлемдегі экономикалық жағдай күрделі. Бірақ бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша біздің елдің көрсеткіштері жаман емес. Алайда, карантиннің әсері әлі күнге дейін елдің экономикалық көрсеткіштеріне толық әсер етпегенін атап өткен жөн. Шағын және орта бизнесті қолдау және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері маңызды болып қала береді. Енді дағдарыстан кейінгі кезеңде не істейтінімізді ойластыру керек. Экономика құлдырайды және оның салдары 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңге қарағанда анағұрлым ауыр болады, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қор қаражаты мен Үкіметтің резервінен отандық экономиканы қолдау үшін 10 миллиард доллардың уақтылы бөлінгенін атап өтті.

Өз кезегінде Премьер-министр Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлады.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асырудың өзектілігін атап өтті.

Біз бұдан да қиын кезеңдерді бастан өткергенбіз. Біз бұл қиындықтарды да жеңеміз. Ең бастысы - халқымыздың бірлігі мен тыныштығы. Үкімет тиімді жұмыс істейді деп санаймын. Ертең мен Қазақстан халқына арналған мақаламды жариялаймын. Қазір бүкіл әлем үшін қиын. Індет шыңын әлі игерген жоқ. Сондықтан біз бір-бірімізді құрметтей отырып, сабырлылық пен шыдамдылық танытуымыз керек, - деді Елбасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: