Жаңалықтар тізбегі
0

Ауру жұқтырған дәрігердің шағымы бойынша қызметтік тексеру басталды

Алматы денсаулық сақтау басқармасы Алматы денсаулық сақтау басқармасы
Толқынай Ордабаеваның шағымына қатысты қызметтік тергеу басталды, ол айтқан барлық фактілер тексеріледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі коронавирус жұқтырып алған жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігердің шағымы бойынша қызметтік тексеру басталғанын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін желіде коронавирус жұқтырған дәрігер Толқынай Ордабаева Меркі ауданындағы аурухана басшылығы дәрігерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпегенін, оның орнына өздеріне маска тіктіріп, оны қайта өңдеп киюге мәжбүрлегеніне шағымданған жазба жариялады.

Жамбыл облысының билігі Ордабаеваның таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істегенін растады. Сондай-ақ ол емделу үшін уақытша демалысқа кеткен әріптесінің орнына да жұмысқа шыққан.

3 сәуірде әйелдің дене қызуы көтерілген. Одан коронавирус инфекциясы расталды, онымен тығыз байланыста болған 5 адам карантинге алынды.

Науқас өзі секілді КВИ диагнозы бар науқаспен бірге жұқпалы аурулар ауруханасында екі орындық палатаға орналастырылған. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға қайшы келмейді, - дейді облыс басшылығы.

Бүгінгі таңда аудандық аурухананың медициналық қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген. Мұнда 1000-нан астам медициналық бір реттік маскалар, қайта пайдалануға арналған маскалар саны - 1600, бір рет қолданылатын костюмдер - 1200 дана, дезинфекциялық құралдар - 40 мың таблетка "Диахлор", 15 литр антисептиктер бар. Биыл аурухана 3 миллион 468 мың теңгеге ЖҚҚ мен залалсыздандыру құралдарын алды. Сонымен қатар, тағы 6 миллион теңгеге осы заттарды сатып алу жоспарланған. Осы айда коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға жұмылдырылған аудандық аурухананың 20 медициналық қызметкеріне сыйқақы төлеу жоспарлап отыр, оның ішінде дәрігер Ордабаева да бар, деп хабарлады әкімдіктегілер.

Жергілікті билік жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігердің ауру жұқтыру фактісі жасырылмағанын, оның инфекция жұқтырғаны туралы ақпарат Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке дер уақытында жіберілгенін айтады.

Толқынай Ордабаеваның шағымына қатысты қызметтік тергеу басталды, ол айтқан барлық фактілер тексеріледі.

Қазақстанда 8 сәуірде сағат 13: 45 уақыты бойынша, коронавирус жұқтырудың 709 жағдайы тіркелді. 53 адам сауықты, жетеуі қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: