Жаңалықтар тізбегі
0

42500 теңге зейнетақы қорынан төленеді деген ақпарат жалған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2020 16:49 zakon.kz
Мессенджерлерде жалған ақпарат тарады.

Мессенджерлерде таралған 42500 теңге мөлшеріндегі төлемдер азаматтарға олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жеке зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады деген ақпарат шындыққа сәйкеспейді, деп хабарлайды zakon.kz БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айрылған азаматтарға ең төменгі еңбекақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүзеге асырылады.

Тұтастай алғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмысының қағидаттарын ажыратып алған жөн. Азаматтардың жеке жинақ қорлары және бюджеттен тыс сақтандыру қорлары – бұл әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жүйелер.

БЖЗҚ зейнетақы активтері – бұл салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншікті ақшасы (зейнетақы жарналары және инвестициялық кіріс), олар "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған.

МӘСҚ активтері – ҚР "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заңда көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде әлеуметтік аударымдардан жинақталатын және әлеуметтік төлемдерге арналған қаражат.

Әлеуметтік тәуекел жағдайларына жұмысынан, еңбекке жарамдылық қабылетінен, асыраушысынан айрылған, жүктілік және босануына, жаңа туған нәрестені (сәбиді) асырап алуына, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болуына орай табысынан айрылу жағдайлары жатады.

Жеке зейнетақы жинақтарыңызды БЖЗҚ сайтындағы (www.egov.kz) жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) тексеріп, олардың сақтығына көз жеткізуге болады.

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылуына байланысты МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді алу тәртібі туралы ақпарат электрондық үкімет порталында (egov.kz) немесе 42500.enbek.kz сайтында қолжетімді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: