Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстік Корея әуежайында есін жоғалтқан қазақстандық қыз жүр

Facebook/ Елена Просянникова, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2020 18:44 Facebook/ Елена Просянникова
Ол аты кім екенін, қай жерде жұмыс істегенін немесе студент пе, ол жағын білмейді.

Facebook қолданушысы Елена Просянникова Оңтүстік Корея әуежайында есін жоғалтқан қазақстандық қызды жолықтырғанын жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 9 сәуірде Facebook-те Инчхон әуежайында есімін білмейтін Қазақстанның қызы жүргені туралы ақпарат қылаң берді.

Әуежайда жиналып тұрған орыстарға бір қыз келіп жағдайын айтты. Ол есін жоғалтып, өзі туралы ештеңе айта алмайды. Аты кім екенін, қай жерде жұмыс істегенін немесе студент пе, ол жағын білмейді. Үсті-басы таза, қаңғыбас емес секілді. Мүмкін оны немесе туыстарын танитандар бар шығар? Хабарласыңыздар, - деп жазды Елена Просянникова.

Жазба жанына қазақстандық қыздың төлқұжаттының суреті де қоса жүктеліпті. Онда қыз 1998 жылы туған Гүлмира Сафидин деп көрсетілген. Редакция Сыртқы істер министрлігіне осыған қатысты түсініктеме беруді сұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: