Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің әрқайсысына 50 мың теңге бөлінді

birgemiz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2020 22:29 birgemiz
Екінші деңгейдегі банктер арқылы материалдық көмек жеке тұлғаның картасына немесе ағымдағы шотына аударылған кезде ешқандай комиссия алынбайды.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күресіп жатқан 2 мыңнан астам медицина қызметкері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорынан 50 000 теңге көлемінде ақшалай төлем алды. Бұл мақсатқа демеушілік қордан 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қор төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, біржолғы төлемді бүгін елорда мен Алматыдағы 29 медициналық мекеменің 2112 медицина қызметкері алды.

Бүгін Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін, сол секілді коронавируспен күресте алдыңғы қатарда талмай еңбек етіп жатқан дәрігерлер үшін де бұрын-соңды болмаған қолдау шараларын қабылдады. Елбасының тапсырмасы, "Nur Otan" партиясының қолдауымен "Birgemiz" қоры да бұл бағыттағы шарадан тыс қалған жоқ. Жақында біз 23 қаланың 150 мыңнан астам мұқтаж отбасыларына 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем берудің алғашқы кезеңін бастадық. Сонымен бірге, өздеріңіз білетіндей, науқастар өте көп тіркелген Нұр-Сұлтан және Алматының дәрігерлері қазір отбасыларын да көмей, тіпті демалуға мүмкіндіктері болмай, өте ауыр жағдайда жұмыс істеп жатыр. Сондықтан, біз оларға қазақстандықтардың денсаулығына деген қамқорлығы үшін алғысымызды білдіргіміз келеді және "Birgemiz" қорынан қаржылай көмек бөліп, қолдау көрсетеміз, - деді Руслан Сакеев.

Ақшалы болған дәрігерлер әлеуметтік желілерде өз ілтипаттарын білдіріп жатыр.

Жан-жақты қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет! Бұл біздің рухымызды асқақтатып, алға бастайды! Менің Қазақстаныммен БІРГЕ барлық қиындықтардан өтетінімізге сенемін !!! Біз Biggeriz !!! - деп жазды елордалық № 3 көпсалалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігері Айнұр Омарова Instagram-да.

"Қазақстанның барлық медицина қызметкерлері атынан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына ел үшін осындай қиын-қыстау кезіндегі қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс айтамын. Біз біргеміз!!", - деді психикалық денсаулық орталығының бас мейірбикесі Гүлнар Алтынбекова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: