Байлық бұзды: Неймардың анасы 22 жастағы жігітпен жүр. Ұлы мен әкесі қарсы емес
Reprodução/Instagram
Ғашықтар арасындағы жас айырмашылығы – 30 жыл.
Дарынды футболшы, "ПСЖ"-ның әлемге әйгілі шабуылшысы, талай қазақ баласының кумирі Неймардың анасы Надин Гонсалвес өзінен 30 жас кіші баламен көңіл жарастыратыны аздай, екеуінің бірге түскен суретін еш ұялмастан жариялап жіберді.
UOL порталы таратқан ақпаратақа сай, егде жасқа таяған бай әйел бүгінде 22 жастағы киберспортшы Тьяго Рамоспен ашықтан ашық кездесіп жүр.
"Жауабы жоқ құбылысты түсіндіру мүмкін емес", – деп жазыпты суреттің астына Гонсалвес-ана.
"Бақытты бол, мама, сені жақсы көремін", – депті көп комменттің арасында 28 жастағы Неймардың өзі.
Масқара болғанда, Неймардың әкесі де смайлик басып, құптағандай күй танытты.
Неймар өз анасының жаңа жігітімен достасып үлгерген, Рамос өткенде Неймардың туған күнінде болған.
Масқара болғанда, ертең өзінен де жас бала Неймардың өгей әкесі атанып қалуы ғажап емес.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript