Жаңалықтар тізбегі
0

Медбике, өкпесі қабынған науқас, бүтін бір отбасы - соңғы тіркелген науқастар туралы дерек

РКС Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2020 18:19 РКС Алматы
Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, ем жүргізіліп жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Түркістан, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстарында коронавирус бойынша тіркелген жаңа деректерге қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы - 1 жағдай

Уақытша ауруханада медбике болып жұмыс істейтін 49 жастағы науқас. COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары санатқа енетіндерді тексеру кезінде дерт анықталды.

ПЦР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша, оған COVID-19 диагнозы қойылды. Қазір ол облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем-дом басталды.

Қарағанды ​​облысы - 11 жағдай

13 сәуірде коронавирус инфекциясының тағы 11 жағдайы зертханалық талдау нәтижесімен расталды. Бұл бұрын COVID-19 науқастармен байланыста болған адамдар, ал біреуі пульмонология бойынша бұрыннан ауруханада жатқан адам.

Қазір барлығы эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жеке боксқа ауыстырылып, ем жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы - 7 жағдай

Коронавирус инфекциясы бүтін бір отбасы мүшелерінен табылған: 1965, 1987, 1989, 1998, 2004 және 2010 жылы туылғандар. Олардың барлығы - Арыс қаласының Наурыз ықшамауданының тұрғындары. Сонымен қатар олармен Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылының 1987 жылғы тұрғыны тығыз байланыста болған.

Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, ем жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылдануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: