Қазақстанда 110 адам коронавирустан сауығып кетті

Денсаулық сақтау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2020 20:19 Денсаулық сақтау министрлігі
Бүгін елімізде коронавирустан тағы 10 адам ауруханадан сауығып шықты.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 110 адам ауруханадан сауығып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жедел штабтағылар бүгінгі сағат 13: 50 уақыты бойынша, елімізде коронавирустан тағы 10 адам сауыққанын хабарлады: Нұр-Сұлтанда - 5, Атырау облысында - 3, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1. Жалпы, Қазақстанда жаңа вирустан емделіп кеткен адамдар саны - 110.

Нұр-Сұлтандағы 82 жастағы науқас коронавирустан емделген 100-ші адам ретінде тіркелді. Ол ауруханаға 22 наурызда түскен болатын.

Бүгін, 13 сәуірде, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 973 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 110 адам емделіп шықты, 11 адам қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: