Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ҰЭМ: 2020 жылдың І-тоқсанында ел экономикасының қарқыны күрт бәсеңдеді

delo.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2020 16:22 delo.ua
Әлемдегі пандемияға байланысты енгізілген шектеулердің әсерінен бірқатар секторда теріс динамикаға бой ұрды, атап айтқанда, олар - сауда-саттық, қаржы саласы мен сақтандыру қызметтері, көлік секторы, метталургия.

Биыл қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 2,7% құрады. Бұл туралы бүгін еліміздің 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылу жайы қаралған Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Шикізат тауарларының әлемнің нарықтағы бағасы төмендеуіне байланысты биыл қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 2,7% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1%-ға артты. Алтын-валюта қоры $30 млрд жетті, Ұлттық қор активтері – $57,5 млрд, - деді Дәленов.

Оның айтуынша, еліміздің негізгі салалары жалпы оң динамика көрсетті. Атап айтқанда, тау-кен өндірісі саласындағы өсім – 5%, өңдеу саласында – 8,8%, құрылыста – 11,7%, машина жасауда – 30,4% көрсетті.

Дегенмен, әлемдегі пандемияға байланысты енгізілген шектеулердің әсері біртіндеп байқала бастады — осы жылдың бірінші тоқсанында сауданың өсуі 1%-ды, қаржы саласы мен сақтандыру қызметтері – 0,7%-ды құрады, ал көлік секторы 1,3%-ға төмендеп, теріс динамика көрсетті.

Биылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуінің озық қарқыны Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында қамтамасыз етіледі, орташа республикалық көрсеткіштерге Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында қол жеткізілді, кейбір көрсеткіштер бойынша республикалық деңгейден төмен деңгейді Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы көрсетті.

2020 жылғы наурызда Қазақстандағы ЖІӨ өсімі қаңтар-ақпан айлары үшін 3,3% құрады.

Жылдық инфляция мақсатты дәліздің ең жоғарғы шегі - 6% маңында қалыптасты. Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда экономиканың негізгі салаларында оң динамика сақталды, - деді Дәленов.

Үкімет басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына бюджет қаражатының уақытылы әрі сапалы игерілуін, оның ішінде олардың экономиканың нақты секторларына дейін жеткізілуін бақылауда ұстауды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: