Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 8 адам КВИ-ден жазылып, ауруханадан шықты

Depositphotos, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2020 00:13 Depositphotos
Қазақстанда бүгіндері жаңа вирус түрінен емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 150 адам.

Қазақстанда коронавирустан жаңадан емделіп шыққандар бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда 8 адам КВИ-ден сауығып, ауруханадан шықты. Қазақстанда бүгіндері жаңа вирус түрінен емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 150 адам, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Алматыда коронавирустан жазылғандардың төртеуі - ер адам және төртеуі - әйелдер. Олардың жетеуі бұрын анықталған науқастармен байланыста болғандар, біреуі - Петербургтен ұшып келген. Олардың барлығы енді өз үйінде 14 күн карантинде болып, медициналық қызметкерлердің бақылауында болады, деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін сағат 16: 00 уақыты бойынша, Қазақстанда барлығы 150 адам коронавирустан емделіп, ауруханадан шығарылды, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 64, Алматыда - 58, СҚО-да - 1, Ақтөбе облысында - 2, Жамбыл облысында - 3, Павлодар облысында - 1, Алматы облысында - 5, Қарағанды ​​облысында - 1, Шымкентте - 2, Атырау облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 1, Ақмола облысында - 4 науқас.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: