Жаңалықтар тізбегі
0

42 500 теңгені заңсыз алғандарға: "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" опциясын басасыз!

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2020 22:37 zakon.kz
Халық банкі мен Kaspi Bank-те есеп-шоттары бар азаматтар банктердің мобильді қосымшасындағы "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" опциясын таңдау арқылы 42 500 теңгені қайтара алады.

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін мемлекет тағайындаған 42 500 теңге әлеуметтік төлемдерінің барлығы негізді бөлінген-бөлінбегені қайта тексеріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Әрбір өтініш толтырушы онда ұсынған ақпараттары, төтенше жағдай кезінде шектеулерге байланысты кірісін жоғалтуы туралы мәліметі үшін мойнына жауапкершілік алады. Сол себепті өтініш берушілер 42 500 теңге төлеуге өтініш берген кездегі төтенше жағдай шектеулеріне байланысты кірісін жоғалтқаны туралы ұсынған ақпараттың дұрыстығына жауап береді, - деп атап өтті құзырлы органдағылар.

Сонымен қатар, әлеуметтік жәрдемақыны заңсыз алған адамдардың әрекеті заң аясында қарастырылады. Әлеуметтік төлемдерді алушылардың заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің аясында қарастырылуы мүмкін (190-бап, 195-бап).

Егер өтініш берушілер әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш беру кезінде қателесіп, түсінбегендіктен өтініш толтырған болса, сөйтіп заңсыз алынған 42 500 теңгені қайтару туралы шешім қабылдаса, мұны мына реквизит арқылы жүзеге асыра алады:

Алушының аты-жөні: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы ҰК" АҚ.

БИН: 160440007161
БИК: GCVPKZ2A
ИИК: KZ67009SS00368609110
КНП: 049

Халық банкі мен Kaspi Bank-те есеп-шоттары бар азаматтар банктердің мобильді қосымшасындағы "Әлеуметтік төлемдерді қайтару" опциясын таңдау арқылы 42 500 теңгені қайтара алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: