Қарағандыда КВИ жұқтырғандардың бірі 6 айлық бала
Жаңадан тіркелген КВИ жағдайлары бойынша coronavirus2020.kz сайты ақпарат берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қарағанды облысы - 3 жағдай
Науқастардың бірі - Қарағанды қаласындағы 6 айлық бала. Оның ата-анасы жұқтырғандардың қатарында, жұқпалы госпитальда болған. Бала провизорлық госпитальде болды.
Екінші науқас - 41 жастағы Қарағанды тұрғыны. Соның ішінде жақын байланыстар бұрын жұқтырылған. Провизорлық госпитальде болды.
Үшінші науқас - 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да жұқтырғандармен жақын байланыста болған.
Павлодар облысы - 2 жағдай
Бірінші науқас - 1949 жылғы Екібастұз тұрғыны. Ол бірден провизорлық госпитальға жеткізілген. Ер адамның айтуынша, бес күн бойы ауырса да, медициналық көмекке жүгінбеген.
Екінші науқас - 1978 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны.
15 сәуірде ол ЖРВИ диагнозымен провизорлық пульмонологиялық госпитальға жеткізілді. Әйелдің айтуынша, ол шетелге шықпаған, КВИ жұқтырғандармен байланыста болмаған,
Қызылорда облысы - 9 жағдай
Науқастардың барлығы Жаңақорған ауданының тұрғындары.
Ауру жұқтырғандардың үшеуі - 30-53 жас аралығындағы әйел адамдар. Алтауы - ер адамдар, олардың арасында ең үлкені 83 жаста.
8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болып жұқтырған. Ал 1 адамның індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.