Бекшин Алматы қаласының жаңа бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Алматы қаласының жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден бастап Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.
Ол бұл қызметте Айзат Молдағасымованың орнына келді.
Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 1958 жылы 5 қаңтарда Қостанай облысында туған.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
1982 жылы Свердлов мемлекеттік медициналық институтын гигиена, эпидемиология және санитария мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы:
- Целиноград қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі (1982 – 1987);
- Целиноград қалалық және облыстық қоғамдық бақылау комитеттерінің инспекторы (1987 – 1990);
- Целиноград облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігерінің орынбасары (1990 – 1998);
- Астана қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы, департамент директоры (1998 – 2011);
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (6.09.2011 – 08.2013);
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (08.2013 – 03.2014);
- ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, төраға міндетін атқарушы (25.07.2014) – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (03.03.2014 – 25.08.2014);
- ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (08.2014 – 04.2017);
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (04.2017 – 06.2017);
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы (06.2017 – 10.04.2019);
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары (25.06.2019 ж. бастап);
- ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (25.06.2019 – 03.2020)