Тоқаев: Елімізде COVID-19 өзінің шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2020 14:23 Ақорда
Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметкерлерге, волонтерларға алғыс айтамын - ҚР Президенті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда COVID-19 - жаңа вирустық инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп жатқанын, бірақ геометриялық қарқынмен емес екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Қазақстанда COVID-19 - жаңа вирустық инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде, бірақ геометриялық қарқынмен емес. Бұл қабылданған шешімдердің дер кезінде қабылданғанын білдіреді. Бірақ індет өзінің шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ. Мен азаматтардан карантин режимін сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметкерлерге, волонтерларға алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне де назар аудару керек", делінген жазбада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: