Шымкентте коронавирус жұқтырған 7 адам туралы ақпарат

Depositphotos, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2020 04:38 Depositphotos
(20.04.2020 жылғы сағат 22:15-тегі мәлімет бойынша)

Вирус жұқтырған 5 әйел және 2 ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған, деп хабарлайды zakon.kz.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

20.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 90 адам анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: