Шұғыл: Әлемдегі барлық мұнай түрінің бағасы бірінен соң бірі құлдырап жатыр
Brent маркалы мұнай бағасы 20 сәуірде АҚШ WTI маркалы мұнай құнының құлдырауына байланысты арзандап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Мұны Лондон қор биржасының ICE сауда-саттық мәліметтері растайды. Сонымен, қазіргі уақытта Brent маркасының бір баррелі 22 доллардан сатылуда (сауда басталғаннан бастап 15 пайыз минусқа кетті). WTI америкалық тақтатас мұнайының бір баррелінің бағасы 19 долларды құрайды (7 пайыз минусқа кетті). Ресейлік Urals маркалы мұнайының бір баррелі 18 доллардан сатылуда (10 пайыз минусқа кетті).
Сәуірдің 20-нан 21 -іне қараған түні әлемдік нарықтарда тарихи оқиға орын алды: WTI маркалы америкалық мұнайының бір баррелінің бағасы 120 процентке арзандап барып, қайтадан бұрынғы қалпына орала бастады.