Алматыда тез салынатын аурухананың құны 7,4 млрд теңге емес

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2020 03:03 Алматы қаласының әкімдігі
Әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

️Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде таратылған Алматыда тез арада салынатын коронавирусты емдеуге арналған аурухананың салыну құны 7,4 миллиард теңгені құрайды деген секілді ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз, дейді қала әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл (5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде), түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өткен жөн.

Төтенше жағдай кезінде әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: