Жаңалықтар тізбегі
0

"Банк Хоум Кредит" басшысы банктегі жағдай мен клиенттерді қолдау туралы айтты

"Банк Хоум Кредит", сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2020 15:30 "Банк Хоум Кредит"
Өткен аймен салыстырғанда транзакциялардың көлемі 45% өсті.

Қаржы ұйымының Басқарма Төрағасы Карел Горак банктің ТЖ режиміндегі жұмысы, клиенттерге көрсетілетін көмек пен әлеуметтік төлемдер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz Forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Банктегі жағдай туралы.

Қазақстанға пандемия келмей тұрған кезде "Home Credit" тобының мұндай жағдайда жұмыс істеу тәжірибесі болған. Біз әлемнің 10 мемлекетінде жұмыс істейміз. Олардың арасында Қытай бар. Аспанасты еліндегі әріптестеріміздің тәжірибесі біздің онлайн жағдайда жұмыс істеуге жылдам бейімделуімізге көмектесті. Бұл өз бәсекелестеріміздің алдында үлкен басымдық еді, алайда банк қызметтерінің барлық түрлерін цифрлық форматқа көшірудің іргетасы бұдан бірнеше жыл бұрын қаланған болатын. ТЖ режимі енгізілетін кезге дейін де біздің клиенттеріміз несиені төлеу, тегін аударымдар жасау, депозиттер мен шоттарды ашу, толықтыру, карта ашып, оны үйге жеткізуге тапсырыс беру, валюта конвертациялау және басқа да көптеген қызметтерді онлайн пайдалана алатын. Оның бәрі Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасында бар еді.

***
Қазіргі жағдай бүкіл нарықтың цифрлануына мықты серпін береді. Бұрын банк бөлімшелеріне келетін көптеген қазақстандықтар енді қашықтан қызмет көрсетуге жүгінеді.

Мәселен, карантин енгізілгелі банк қосымшасын қолданушылар саны 15%-ға көбейіп отыр. Өткен аймен салыстырғанда транзакциялар көлемі 45%-ға өсіп отыр. Тіпті бірінші тоқсанда берілген барлық несиелерге қарасақ, онлайн берілген несиелер үлесі рекордтық 23%-ға жетті. Қосымшаны пайдаланушылар саны да рекордтық көрсеткіш орнатты – осы айда оны 1 миллионнан адам пайдаланған екен.

Ал банк бөлімшелері ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) кеңесі бойынша профилактикалық шаралардың барлық талаптарын ескере отырып жұмыс істеуін жалғастыруда.

Клиенттерді қолдау туралы.

Қазір банк үшін де, оның қызметкерлері мен менің өзім үшін ең бастысы – клиенттеріміз бен олардың отбасы мүшелеріне қамқорлық көрсету.

***
Біріншіден, 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін банк мерзімі кешіктірілген несиелер үшін клиенттеріне айыппұлдар мен өсімпұлдар салмайды. Бұл негізгі қарызға да, сыйақыға да қатысты. Сондай-ақ, біз кешіктірілуі 90 күннен асқан несиелер бойынша сыйақыларды жоямыз, егер сыйақы ТЖ режимі кезеңінде есептелген болса. Ол үшін клиенттерге үйден шығып, банк бөлімшесіне келуі керек емес. Бәрін өзіміз-ақ жасаймыз.

Екіншіден, 16 наурыздан 15 маусымға дейін банк жеке тұлғалардың екі санаты бойынша төлем мерзімін шегереді. Бірінші санатқа жергілікті еңбекпен қамту органында тіркелген, әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жұмыссыз азаматтар кіреді.

Екінші санатқа ТЖ режимі енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған клиенттер кіреді. Бұлар карантин енгізілуі себепті жұмыссыз қалғандар, ақысы төленбейтін еңбек демалысына шыққандар, жұмыстан қысқарып қалғандар, жалақысы төмендеп, немесе тоқтап қалған және басқа да азаматтар.

Төлем мерзіміне шегерім алу үшін клиенттер тек өтініш беруі керек. Оны да үйден шықпай, мобильді қосымша, сайт, WhatsApp немесе банктің колл-орталығы арқылы жасауға болады. Бар ақпарат біздің сайтымызда тұр

Үшіншіден, біз "HomeCreditOtbasy" промокодын іске қостық, ол үйде жайлы да пайдалы уақыт өткізуге арналған. Промокод арқылы клиенттер мен олардың отбасы біздің онлайн-серіктестеріміздің акциялық арнайы ұсыныстарын пайдалана алады.

Акциялар туралы толығырақ сайттан танысуға болады

42 500 теңге алу туралы

Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы клиенттер жәрдемақы алуға қажетті шотты онлайн аша алады. Оны ашу оп-оңай. Шотты ашу тегін. Ал ақшаны алу үшін клиенттер Home Card дебеттік картасын пайдалана алады. Ол да онлайн арқылы рәсімделіп, клиенттің үйінің есігіне дейін жеткізіледі. Үйге жеткізу қызметі 17 қалада жұмыс істейді. Тіпті банк клиенті болып табылмайтын азаматтар да Home Card рәсімдеуге өтініш бере алады. Рәсімдегеннен кейін клиенттің ағымдағы шоты ашылады, жәрдемақыны сол шот арқылы алуға болады, - деді өз сұхбатында топ-менеджер.

Сөз соңында банк басшысы өз клиенттеріне, қызметкерлері мен қазақстандықтарға жақсы көңіл-күй тілеп, өздерін күтіп, отбасына жақын болуға шақырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: