Елорда іргесіндегі елді-мекен 4 күн жарықсыз отыр

news.sevas.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2020 15:44 news.sevas.com
Шыдамы шегіне жеткен тұрғындар түнде көшеге шығып, наразылық танытты.

Елорда іргесіндегі Лесная поляна елді-мекені 4 күн бойы жарықсыз отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Шыдамы шегіне жеткен тұрғындар түнде көшеге шығып, наразылық танытты. Айтуларынша, коммуналдық төлемдер уақытында төеленеді. Бірақ электр жарығына қатысты мәселе түбегейлі шешілмеген.

Ал жергілікті пәтер иелері кооперативі кабельдік желі істен шыққанын алға тартады. Сондықтан олқылықты жоюға шамалары жетпейді. Біздің арна продюсерлері Целиноград ауданындағы жауапты мамандарға хабарласып көрген. Бірақ тұщымды жауап болмады. Ал жергілікті тұрғынның айтуынша, жарық алғаш рет жексенбі күні өшкен. Одан кейін тек түнгі үште жаныпты. Одан кейінгі күндері жағдай қайталанып тұрған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: