Мамин Қазақстан халқын келіп жеткен Рамазан айымен құттықтады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Маминнің құттықтауы ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланды.
Қазақстанның мұсылмандар қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Бұл – адамның кіршіксіз таза ниеті мен ізгілікті істері үшін Жаратушының шексіз рақымына бөленетін, ал Ораза ұстап, ауыз бекіту сенімі мен рухын нығайтып, сабыры мен ерік-жігерін дамытатын рухани кемелдену кезеңі.
Рамазан мұсылмандарды ғана емес, біздің еліміздегі өзге дін өкілдерін де біріктіретін мейірім мен қайырымдылық, жомарттық сияқты шынайы адамгершілік қасиеттерді толық тануға жол ашады.
Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, қажымас жігер мен жақсылыққа деген сенім, бейбітшілік пен амандық тілеймін!