Жаңалықтар тізбегі
0

Оразада Magnum ауызашарға ас дайындайды

Magnum, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 18:48 Magnum
Еліміздегі ең ірі сауда желісінің халал өнімдері сертификатталған.

Ораза кезінде Magnum сауда желісінің дүкендерінен ауызашарға өзіңіз үшін де, өзгелерге де қайырымдылық ретінде де дайын тағам сатып алуға болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Magnum-де Ораза кезінде ауызашарға арналған ыстық тағамдар жиынтығы сатылады. Оларды өзіңізге де, өзгелерге де қайырымдылық ретінде сатып алуға болады. Ол үшін кассаға ақшасын төлесеңіз болды, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен "Уасиля" қайырымдылық қорының еріктілері тамақты мұқтаж жандарға жеткізіп береді.

Қазақстанның 9 өңіріндегі Magnum-ның барлық 70 дүкендері арқылы табысы төмен адамдарға ифтар тартуға болады. Magnum-де халал өнімдердің кең ассортименті бар, мұнда халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде барлық талаптардың орындалуы қатаң қадағаланады. Бүкіл технологиялық тізбек сақталады. "Халал" жобасы – біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі. Жақында біздің тамақ өндірісіміз "Halal Quality Center" сапа орталығының сертификатын алды, - деді "Магнум" компаниясының өз өндірісі жөніндегі директоры Артем Русинов.

Халал өнімдері, оның ішінде ингредиенттер мен шикізат халалға сай емес тауарлармен араспауы үшін бөлек өңделеді, бөлек бөлмеде өндіріліп, бөлек жерде сатылады. Мұны Magnum желісінде сертификатталған халал мамандары жүргізген аудит нәтижелері растайды.

Сарапшы-аудиторлардың тексеру саласы шикізат пен ингредиенттерге тапсырыс беруден бастап, өнімді сатуға дейінгі сатыларды қамтиды. "Халал" сертификаттарын сарапшылар бөлмелерді, өтініш берушінің өнімдерін толық тексеріп, барлық шарттар мен сертификаттау талаптарының орындалғанына көз жеткізгеннен кейін ғана береді.

Өнімдердің құрамы, пайдаланылатын ингредиенттер, мекен-жайдың өзгеруіне және т.б. қатысты кез-келген өзгерістер "Halal Quality Center" орталығымен алдын ала келісіледі. Аспаздық және ет өнімдерін дайындауда пайдаланылатын шикізаттар да халал болып табылады, бұл тиісті сертификаттармен расталады, онда шикізатта да, құрамындағы ингредиенттерде де тыйым салынатын қоспалар жоқ деп нақты айтылады. Жеткізуші компания шикізатты сертификат аясында көрсетілген жағдайларда сақтайды.

Өңделген ет өнімдері зертханада тексеріліп, құрамында халал емес өнімдердің ДНК-сы жоқтығы расталады.

Егер халал өнімдер сақталатын бөлме бұрын шошқа етіне арналған болса, онда барлық өндірістік желі – ыдыс-аяқ, ас үй техникасы мен жабдықтар, тамақ пісіру орындары, салқындататын камералар, мұздатқыш камералар және тағы басқалар діни тазалау – дибах рәсімінен өтеді.

- Әрине, миллиондаған тұтынушылар армиясы бар Magnum дүкендерінде шошқа еті де сатылады, бірақ ол бөлек сақталады. Біз шошқа етін бөлек жерде бөлшектейміз, ол үшін арнайы цех бар, - деді Артем Русинов. - Яғни, шошқа етінің біздің дүкендерде сатылатын басқа өнімдермен араласып кету қауіпі жоқ.

Биыл қасиетті Рамазан айы эпидемиологиялық тұрғыдан өте қиын кезеңмен сәйкес келіп отыр, мешіттер мен мұсылмандар ифтарға жинайтын орындар карантинге жабылды, мұсылман қауымы азық-түлікті Magnum дүкендерінен еш алаңсыз сатып ала алады.

Мұнда мұқтаж жандарды тамақпен қамтамасыз ету және оларға садақа ретінде қаражат салуға жағдайлар жасалды (Мұсылмандар діни басқармасы ірі қалалардағы Magnum дүкендерінде садақа жинауға арналған қораптарын орнатады, сондай-ақ бұл функция magnum.kz сайтында да онлайн түрінде қолжетімді).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: