Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда модульді жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 20:50 Алматы әкімдігі
18 күннің ішінде бой көтерген жаңа медициналық мекеме коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге арналған.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев модульді жұқпалы аурулар ауруханасының ашылу шарасына қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

18 күннің ішінде бой көтерген жаңа медициналық мекеме коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге арналған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 20:50

Аурухананы аралап шыққан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев кешеннің сапасы мен медициналық жабдықтармен жарақтандырылуына жоғары баға берді. Сондай-ақ, ол кешенді қысқа мерзімнің ішінде салып біткен құрылысшыларға алғысын білдірді. Жаңа жұқпалы аурулар кешені уақытша ғимарат болғанына қарамастан, осындай мекемелерге қойылатын халықаралық талаптарға жауап береді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 20:50

"Бүгін біздің дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлер ұйқысыз әрі демалыссыз коронавирустық инфекциямен күресуде. Өздерін аямай, бізді қорғауда. Біздің міндетіміз – олардың жұмысына барлық жағдайды жасау. Жаңа кешен жұқпалы орындардың жеткілікті қорын құруға мүмкіндік береді. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді", – деді Бақытжан Сағынтаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 20:50

Жұқпалы аурулар ауруханасы 280 адамға есептелген. Ішінде 9 клиникалық бөлімше, 28 төсекке арналған реанимация бөлімшесі, бір кісілік және далаға бөлек шығуға болатын 10 палата, динамикалық бақылауда болатын бес бір кісілік палаталары бар қабылдау бөлімі орналасқан.

Модульді кешенде персоналға арналған үй-жай қарастырылған. Зертханаға арналған төрт үй-жай, КТ, рентген, эндоскопиялық жабдықтар, УДЗ және электрокардиограф орнатуға арналған жеке үй-жайлар бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 20:50

Штатта 75 дәрігер, 100 медбике және кіші медициналық қызметкерлер бар. Мекеменің барлық қызметкерлері «Атакент парк отель» қонақ үйіне орналастырылды. Қызметкерлер таңертең және кешкі уақытта тегін тасымалданады.

Аурухана заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Реанимация бөліміне 28 ӨЖЖ аппараты қойылды. Сондай-ақ, ауруханада компьютерлі томограф, қан газы мен электролиттер, метаболиттер анализаторы, электрокардиограф, мониторлар, перфузорлар, жедел диализ жүйесі, медициналық диагностикалық рентген жүйесінің керек-жарақтары, ультрадыбыстық зерттеуге арналған аппараттар, бактерицидті шамдар сияқты жабдықтар орналастырылды. Бұдан өзге мобильді рентген аппараты, зертханаға арналған жабдықтар да бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 20:50

Модульді кешен өзара галерея арқылы байланысқан бір қабатты екі және екі қабатты төрт корпустан тұрады. Инженерлік коммуникациялар жүйесі бойынша да, атап айтқанда желдеткіш пен кондиционер орнату, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жүргізу, электрлі жылытумен жабдықтау жұмыстары аяқталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 20:50

Шаруашылық-тұрмыстық су ағыны арнайы жинағыш ыдысқа құйылып, жиналады. Өрт дабылы және бейнебақылау жүйесімен де қамтамасыз етілді. Трансформаторлық қосалқы стансаны орнату қарастырылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 20:50

Емханаға кіру мен шығу үш кіру аймақтары арқылы жүзеге асырылады. Мекеме сыртында және ішкі аймақта көлік қоюға арналған орындар бар. Сондай-ақ, аурухана аумағында көлікті өңдеуге арналған алаң, бірқатар техникалық құрылыстар қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: