Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы: Экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын іске қосу керек

kaznews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 23:39 kaznews.kz
Енді өзін-өзі толықтай қамту, өзіндік меншік ресурстарына иек арту, өндіріс пен қаржылық жүйенің сенімділігі басымдыққа айналады.

Елордада Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, онда Нұрсұлтан Назарбаев, атап айтқанда, мемлекет пен қоғамның барлық саласында күтілетін өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Біріншіден, барлық елдер қазір өздерінің экономикалық стратегияларын қайта қарастыруда. Енді өзін-өзі толықтай қамту, өзіндік меншік ресурстарына иек арту, өндіріс пен қаржылық жүйенің сенімділігі басымдыққа айналады. Екіншіден, салалық жаңа басымдықтар қалыптасады. Тиімсіз секторлар жоғалады. Бірақ басқалары көшбасшылық тізгінін алып, экономиканы алға сүйрейді және адамдарға жұмыс береді. Үшіншіден, барлық ауқымды дағдарыстар технологиялық және экономикалық әлемдік тәртіп циклінің өзгеруімен байланысты. Қазіргі ескі модель күйреуде" - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстанның жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін барлық қажетті ресурстарға ие екенін атап өтті.

"Өткен жылдары біз шикізатқа тәуелділікті азайту үшін көп жұмыс жасадық. Сондықтан дамудың барлық негізгі бағдарламалары - индустрияландыру, шағын және орта бизнес, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылды. Осы мақсатта орасан ресурстар бөлінді. Біз Ұлттық қорға айтарлықтай қаражат жинадық. Ол қазір дағдарыс кезінде елді құтқаруда, онда да мұнысы бірінші рет емес. Бірақ оның да шегі бар, оны үнеммен, төтенше жағдайларда қолдану керек", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар ол әлеуметтік-экономикалық дамуда ерен тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

"Біріншіден, дағдарысқа қарсы шаралар кешені іске асырылуы керек. Барлық қолдау бизнес пен қоғамға тез жетуі үшін әрбір теңгенің бақылануы қажет. Қазір экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын іске қосу қажет. Біздің негізгі салаларымыздың, болашақ экономикамызды және қалалар мен ауылдарды, әлеуметтік сала, қаржы жүйесін дамытудың басты бағыттарын анықтауымыз керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: