Жаңалықтар тізбегі
0

Еуропаның бірқатар елі пандемияға байланысты енгізілген шектеулердің күшін жойып жатыр

DW, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 16:55 DW
Қазіргі уақытта әлемде КВИ жұқтырған адамдардың саны 2,8 миллионға жетті, шамамен 195 мың адам қайтыс болды.

27 сәуірден бастап бірқатар еуропалық мемлекеттер жаңа коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеулердің күшін жоя бастады, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кейбір елеулі жеңілдіктер Чехияда күшіне енді. 24 сәуірден бастап мұнда үкімет азаматтарына шетелге шығуына, соның ішінде мерекелерге жиналуға, сонымен қатар азаматтардың үйден тыс жерде еркін жүруіне рұқсат берді, бірақ онда да жиналған топ 10 адамнан аспайтын болуы керек. Жаңа карантиннің кестесіне сәйкес, 27 сәуірде 2,5 мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар дүкендер мен қызмет көрсету кәсіпорындары, фитнес-орталықтар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы (жабық жерлерді қоспағанда) ашылып, шіркеулердің қызметі қалпына келтірілуі мүмкін.

Хорватияда 27 сәуірден бастап ел экономикасы мен қоғамдық өмірді кезең-кезеңімен қалпына келтіру жоспары ұсынылған. Министрлер кабинетінің үш кезеңдік жоспарына сәйкес, бірінші кезекте дүкендер ашылуы керек, содан кейін мамыр-маусым айларында қалааралық және халықаралық көліктер біртіндеп іске қосылып, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің, спорт және мәдени орталықтардың жұмысы басталады.

Швейцарияда коронавирусқа қатысты енгізілген тыйымдарды алып тастау үш кезеңмен жүзеге асырылады, біріншісі 27 сәуірден бастап іске қосылады: жалпы адам қабылдайтын медициналық мекемелер, стоматологиялық орындар, сұлулық салондары, массаж бөлмелері, көлік жуу және тұрмыстық тауарлар сататын дүкендер ашылады.

Грецияда коронавирус ауруына байланысты шектеулерді кезең-кезеңімен жою 63 күнге созылады және жоспар пандемияның дамуына байланысты қайта қаралады. Премьер-министр Кириакос Мицотакис аптаның басында теледидарға шығады. 27 сәуірден бастап кейбір мемлекеттік қызметтер жұмыс істей бастайды деп болжануда. Ипотекалық кеңселер, халықаралық сот және бірінші сатыдағы соттар ашылады.

Грузия үкіметі 27 сәуірден бастап шектеулерді алып тастауға ниетті. Атап айтқанда, дүйсенбіден бастап автокөліктердің, таксилердің қозғалысына толықтай рұқсат етіледі, онлайн-сауда (көтерме және бөлшек сауда), кез-келген өнімді жеткізу қызметтері және ашық ауылшаруашылық базарларын ашуға рұқсат етіледі.

Испаниядағы шектеу шаралары - Еуропадағы ең қаталы. Тұрғындар үйден тек ерекше жағдайларда шығуға құқылы: оларға тамақ, дәрі-дәрмек сатып алуға, ауруханаға баруға, өз бетімен шыдай алмайтын адамдарға көмектесуге, жұмысқа баруға, үйдің маңында итпен серуендеуге болады. Премьер-министр Педро Санчес Парламенттен жоғары деңгейдегі қауіпсіздік шарасын 9 мамырға дейін ұзартуды сұрайтынын мәлімдеді, бірақ 27 сәуірден бастап 14 жасқа дейінгі балалар серуендеу үшін үйден шыға алады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта әлемде КВИ жұқтырған адамдардың саны 2,8 миллионға жетті, шамамен 195 мың адам қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: