Жаңалықтар тізбегі
0

ЭЦҚ-ны онлайн алу үшін енді паспортты пайдалануға болады

"Азаматтарға арналған үкімет", сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2020 00:18 "Азаматтарға арналған үкімет"
Қызметті алу үшін электрондық үкіметтің порталындағы "Сервистер" бөлімінде орналасқан "ЭЦҚ-ны қашықтан алу" қызметін таңдау қажет.

Қазақстан азаматтары паспортын пайдалана отырып, ЭЦҚ-ны қашықтан ала алады, деп хабарлайды zakon.kz "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметті алу үшін электрондық үкіметтің порталындағы "Сервистер" бөлімінде орналасқан "ЭЦҚ-ны қашықтан алу" қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі кілтті алудың стандартты процедурасынан өту керек. ЭЦҚ-ны қашықтан алу жолымен https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp сілтемесі арқылы таныса аласыз. Бұл жерде ЭЦҚ-ны алудың әр қадамы көрсетілген нұсқаулық орналастырылған.

Осы уақытқа дейін ЭЦҚ-ны қашықтан алу кезінде жүйе кейбір жағдайларда, яғни жеке куәліктің мерзімі өтіп кетуіне байланысты, құжат иесін сәйкестендіре алмады. Бұл жағдайда пайдаланушының өтінімі модерацияға жіберіліп, оған қосымша уақыт қажет болды.

Паспортты жеке басын куәландыратын құжаттың баламасы ретінде пайдалану ЭЦҚ-ны қашықтан алу барысында сәйкестендіруден өту процесін жеңілдетеді. Әсіресе, жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда тиімді.

Енді Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны сәйкестендіру процесінен автоматты түрде қашықтан өту арқылы алуға болады. Бүгін ЭЦҚ-ны жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да ала алады. ТЖ кезінде 274 мың ЭЦҚ берілді.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде Ақтөбе облыстық "Азаматтарға арналған үкімет" МК филиалында 8 206 электрондық цифрлық қолтаңба онлайн түрде берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: