42 500 теңге алушылар саны жарты миллионға өсті

region-press.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2020 00:43 region-press.kz
8,2 млн азаматтан төлемге өтініш келіп түскен.

27 сәуір күнгі жағдай бойынша 4,2 млн қазақстандыққа әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Ел бойынша l-ші айда 3,7 млн төлем жасау, ал II-ші айда 520 мың төлем жасау тағайындалған.

Сондай-ақ, 8,2 млн азаматтан төлемге өтініш келіп түскен.

Ең көп өтініш келіп түскен аймақтар мыналар:

Алматы облысы – 1,4 млн,
Түркістан облысы – 999,5 мың,
Алматы – 896,6 мың,
Нұр-Сұлтан – 594,5 мың,
Шымкент – 534,5 мың.

Ең көп төлем төленген аймақтар мыналар:

Алматы облысының тұрғындарына – 620,5 мың,
Түркістан облысының тұрғындарына – 508,5 мың,
Алматы қаласының тұрғындарына – 412,1 мың.

"Түскен өтініштердің 3,6 млн-на 42,5 мың теңге тағайындау бойынша төлеуден бас тартылды, себебі олар ТЖ кезінде табыстың жоғалуына байланысты МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау ережелеріне сәйкестігі бойынша тексеруден өтпеген", - деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: