Жаңалықтар тізбегі
0

Видео сабақтарды дайындаған мұғалімдерге сыйақы беріледі

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2020 15:59 видеодан алынды
Біз оларға сыйақы беру керек деп шештік - Білім министрі.

Төтенше жағдайға қарамастан мектептегі бағдарлама бойынша видео сабақ дайындауға көмектесіп жатқан 80-90 мұғалім бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram желісіндегі тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қашықтан оқуға көшкен кезде бәрі "Мұғалімдердің жалақысын көтерудің не қажеті бар? Балалар сабақты өз бетімен оқиды ғой. Сынып жетекшісіне үстемақы төлеудің не қажеті бар?" деген еді. Мен мұғалімдер өте үлкен жұмыс істеп жатқанын айтар едім. Қазіргі уақытта мұғалімдер жалақысын толық көлемде барлық үстемесімен қоса алып отыр", - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Ол мұғалімдердің төтенше жағдай кезіндегі жүктемелері үшін мемлекет тарапынан қандай қолдау болатынын айтты.

"Төтенше жағдайға қарамастан бізге көмектесіп, видео сабақ дайындауға көмектесіп жатқан 80-90 мұғалім бар. Біз оларға сыйақы беру керек деп шештік. Кейбір аймақта да осындай шешім қабылданып жатқанын білемін. Министрлік мұндай шешімді әрдайым қолдайды. Мұның бәрі мектеп бюджетіне байланысты шешіледі", - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: