Қазақстанда жасалған Сhevrolet автокөліктерін сату басталды
Chevrolet
Chevrolet модельдерінің көпшілігі мемлекеттік жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысады.
"УзАвтоМоторс" қазақстандық серіктесі "СарыарқаАвтоПроммен" бірлесіп, өзінің "Keles Distribution" сауда желілері арқылы Chevrolet автокөліктерін сату басталғанын жариялады.
Алғашқы кезеңде дилерлік желі арқылы Қазақстанға Chevrolet маркасының флагманы саналатын Malibu седаны, жаңартылған Cobalt пен Nexia, Damas минивэні, Labo жүк көлігі және Trailblazer кроссоверлері жеткізілді.
Алдын ала тапсырыстар бойынша, Damas пен Labo-ға сұраныс жоғары болып отыр.
Сәуір айының соңында Chevrolet Tracker моделі шығарылады деп күтілуде.
Қазақстанда өндірілген әрбір Chevrolet көлігі General Motors компаниясының халықаралық сапа стандарттарына сай, - дейді "СарыарқаАвтоПром" директоры Сырым Семейбаев.
Chevrolet модельдерінің көпшілігі мемлекеттік жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript