Жаңалықтар тізбегі
0

Ұшаққа отыру үшін анықтаманы қай жерден алуға болады

АГН "Москва", сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2020 22:23 АГН "Москва"
Тест нәтижелері 24 сағат ішінде дайын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғыларды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев коронавирус инфекциясына тест тапсырып, ұшаққа отыру үшін анықтаманы қай жерден алуға болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Инфекцияға тексерілу үшін біздегі зертханалардың біріне хабарласуыңыз керек. Бүгінгі таңда бізде ұлттық сараптама орталығының зертханасы, Алматы қаласындағы ұлттық денсаулық сақтау орталығының зертханасы, Алматыдағы Medical Partners Korea зертханасы және осы жобаға қатысатын екі үлкен Olympus және Invivо желілік зертханалары бар. Тесттің құны әр жерде әртүрлі: бір ПТР зерттеуінің бағасы 9-10 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін", - деді Нұртаев.

Оның айтуынша, тест нәтижелері 24 сағат ішінде дайын болады.

Жолаушыларға арналған тест нәтижелерінің жарамдылығы - 7 күн. Менің білуімше, экипаж мүшелері үшін ол екі аптаға, тіпті одан да көп уақытқа жарамды, - деді ол.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшақтар ұша бастайды. Ұшаққа отыру үшін жолаушының қолында теріс нәтижесі бар COVID-19 тесті туралы анықтама болуы керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: