Жаңалықтар тізбегі
0

Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2020 23:17 primeminister.kz
Облыс басшылығы автожол құрылысы бойынша шаралар және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының жүзеге асырылуымен, жергілікті маңызы бар жолдардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкіметі ресми сайтының хабарлауынша, облыс басшылығы автожол құрылысы бойынша шаралар және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Ағымдағы жылы қабылданған шаралар аясында өңірде 800 км жол салу және жөндеу жоспарланған.

Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 302 жоба іске асырылуда. Бұл мақсатқа 46 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. 12 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Үкімет делегациясы 110 пәтерлі "Батыс-2" шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты. Мұнда мектепке дейінгі мекемелерді, сауда нүктелерін, балалардың шығармашылығын дамыту орталығын салу қарастырылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2020 23:17

Роман Скляр сондай-ақ ұзындығы 696 метр болатын Сельмаш ауданындағы көпірді аралап көрді. Мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылы басталған, 2020 жылдың соңында аяқталатын болады.

Бұдан басқа, сапар барысында "Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 100-160 км, 160-220 км, 236-275 км, 275-330 км құрылыс барысы тексерілді. Кеңес барысында "Todini Costruzioni Generali S.p.A" және "Uniserv" ЖҰС, "СПИК Аккорд" ААҚ мердігерлік ұйымдарының және инженерлік қызметтердің басшылары жол жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Роман Скляр қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті және белгіленген жоспарларды орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: