ШҚО-да мамырдан бастап әуе рейстері ашылады

iStock, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2020 21:42 iStock
Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан – Семей", "Алматы –Семей" бағыттарын бойынша бір рейстен ұшады.

Мамыр айынан бастап ШҚО-да әуе қатынасы қайта іске қосылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында жазды.

- Бүгін мемлекеттік комиссияның төрағасы, еліміздің Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым. Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан – Семей", "Алматы –Семей" бағыттарын бойынша бір рейстен ұшады, - деп жазды өңір басшысы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: