Алматы тұрғындарына қандай рұқсаттар берілді
27 сәуірден бастап Алматы тұрғындарына рұқсат етіледі:
есік ауласында сағат 5:00-ден 21:00-ге дейін серуендеуге
саяжайға барып-келуге
Бұл ретте мыналарды ескеру қажет:
жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар, санитарлық тазартқыштар)
кемінде екі метр арақашықтықты сақтау
14 жасқа дейінгі балалар ересектермен бірге жүруі тиіс
басқа адамдармен физикалық байланысты барынша болдырмау
Отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады
Көшелерді, аула алаңдары мен жалпы көпшілікке арналған орындарды тәулік бойы күзету қамтамасыз етіледі
Сондай-ақ, балалар мен аула алаңдарының аумағына зарарсыздандырып өңдеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қол жетімді жерлердің барлығында, ең алдымен, хабарландыру тақталарында шектеулердің барлық түрлері туралы жадынамалар орналастырылатын болады
Саяжайға баратын азаматтар қандай шарттарды орындауы тиіс?
- саяжай учаскесі екендігін дәлелдейтін құқықтық құжаттар
- жеке басын куәландыратын құжаттар
(бірге баратын адамдарды қоса алғанда)
Саяжайға шығу үшін міндетті ережелерді сақтауы тиіс
- бетперде киіп жүруі керек
- антисептиктер болуы қажет
Саяжайда болған кезде есте ұстайтын қағидалар:
- Саяжай учаскесінен тыс жерге шығуға болмайды
- көршілер мен қонақтарды шақыруға жол берілмейді
- 3 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ
- құрғақ шөп пен қоқысты жағуға тыйым салынады
65 жастан асқан адамдар үйде оқшаулану режимін сақтауы қажет