Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат "Бейбіт жиын туралы" заң жобасын бірауыздан мақұлдады

Nur Otan, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2020 23:27 Nur Otan
Тоқаев уәде еткен "ескерту сипатындағы" митингілер қатысушылар саны 250-ден аспайтын кішігірім жиындарға ғана қатысты. Ал ірі митингілер үшін биліктен рұқсат алу керек.

30 сәуірде Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы азаматтық қоғам өкілдері мен халықаралық ұйымдардың сынына ұшыраған "Бейбіт жиын туралы" заң жобасын қарап, бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдады, деп жазады centralasian.org.

Заң жобасы туралы баяндама жасаған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "қарама-қайшы пікір көп болды, сын-ескертпенің бәрі ескеріліп, заң жобасына айтарлықтай өзгеріс енгізілді" деді. Заң жобасындағы бірқатар өзгерістерге тоқталған министр бұрын азаматтар митинг өткізу үшін 15 күн бұрын рұқсат сұраса, қазір 5 күн бұрын өтініш беріп үлгерсе жеткілікті деді. Ол сонымен бірге жаңа заң жобасының жергілікті билікті өтінішті 7 күн ішінде қарап, жауап беруге міндеттейтінін айтты.

Заң жобасы туралы қосымша баяндама жасаған сенат депутаты, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің мүшесі Сәрсембай Еңсегенов 1995 жылы қабылданған "Бейбіт жиын туралы" заңның халықаралық қауымдастық және азаматтық қоғам өкілдері тарапынан сынға ұшырағанын айтып, жаңа заң жобасы "ондағы кемшіліктерді түзеуге бағытталған" деді.

"Заң жобасының қолданыстағы заңмен салыстырғанда тұжырымдамалық тұрғыдан да, осы салада туындайтын қатынастарды реттеудің құқықтық тетігі жөнінде де көп айырмашылығы бар" деді сенат депутаты.

8 сәуірде бұл заң жобасын мәжіліс мақұлдаған болатын.

Бұған дейін түрлі халықаралық ұйымдар Қазақстан билігіне пандемия індеті кезінде елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызы бар заң жобасын қарауды кейінге қалдыруға шақырған болатын. Өткен аптада норвегиялық Хельсинки комитеті (Norwegian Helsinki Committee) және ЕҚЫҰ аймағындағы 24 құқық қорғау ұйымы "билік заң жобасын өткізу үшін пандемияны пайдаланды" деп айыптап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған. ​

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы да төтенше жағдай кезінде халықтың заң жобасына қатысу мүмкіндігі жоғын айтып, заң жобасын талқылауды кейінге қалдыруға шақырған еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айындағы сайлаудан кейін бейбіт жиын туралы заң қабылдауға уәде беріп, митинг өткізу үшін ескертуді ғана талап ететін құжат қабылдауға уәде берген. Биыл ақпан айында ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиын туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатпен танысып шыққан құқық қорғаушылар мен белсенділер қазіргі заң сияқты ондағы ережелердің халықаралық стандартқа сәйкес келмейтінін айтқан.

Құжатқа сәйкес, Тоқаев уәде еткен “ескерту сипатындағы” митингілер қатысушылар саны 250-ден аспайтын кішігірім жиындарға ғана қатысты. Ал ірі митингілер үшін биліктен рұқсат алу керек. Құжатта сонымен бірге митингіні арнайы белгіленген орындарда ғана өткізу керек деген талап бар және бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғандар бұрынғыдан қатаңырақ жазаланады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: