АҚШ Сенаты Трамптың шығындар туралы заң жобасын мақұлдады

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2025 12:49 Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ Сенаты президент Дональд Трамптың федералды шығындарды қысқартуға бағытталған "Біртұтас, үлкен, әдемі" ("The Big Beautiful Bill") деп аталатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC мәліметінше, заң жобасын 51 сенатор қолдап, 49-ы қарсы дауыс берген. Қарсы шыққандардың қатарында екі республикашыл сенатор – Солтүстік Каролиналық Том Тиллис пен Кентуккилік Рэнд Пол болды.

"Біртұтас, үлкен, әдемі" – АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылы ұсынған ауқымды бюджет-салықтық заң жобасы. Ол Трамптың басты сайлауалды уәделерін жүзеге асыруға бағытталған және ел ішінде де, шетелде де үлкен резонанс тудырып отыр.

"Бұл заң жоба Трамп 2017 жылы енгізген салықтық жеңілдіктерді ұзартуды, Medicaid пен SNAP секілді әлеуметтік бағдарламалардың қаржыландыруын қысқартуды көздейді. Сонымен қатар, иммиграциялық бақылау бағдарламаларын жүзеге асыру үшін бюджетті ұлғайту қарастырылған. Жоба биылғы жылы әскери шығындарды 150 миллиард долларға арттыруды және мемлекеттік қарыз шегін 4 триллион долларға дейін көтеруді қамтиды",- делінген басылым ақпаратында.

Бұған дейін АҚШ-тың Қытаймен сауда келісіміне қол қойғандығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: