Бүгін Дубайдан Алматы облысына 168 адам келеді
Tourism Today
Олардың бәрі Қапшағай қаласының жанында екі апталық карантинге жатқызылады.
Бүгін Алматы облысына БАӘ-ден тағы бір рейс ұшып келеді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дубайдан 168 адам оралады.
Олардың бәрі Қапшағай қаласының жанында екі апталық карантинге жатқызылады.
Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, оларға өздері карантинге орналастырылатын демалыс аймағынан шығуға тыйым салынады, бақылау үшін арнайы күзет қойылмақ. Карантин кезеңінде олар қажетті заттардың бәрімен қамтамасыз етіледі.
Ұшақтан түсе салысымен жолаушылар COVID-19 инфекциясына тест тапсырады. Тексеру нәтижелері бойынша арнайы автобустармен тұратын жерлеріне жеткізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript