Қарағанды ​​облысында коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2020 22:37 zakon.kz
Қазақстанда коронавирустан жалпы 26 адам қайтыс болды.

Қарағанды ​​облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағанды ​​облысында коронавирус инфекциясы бойынша кісі өлімі фактісі тіркелді. Марқұм 1958 жылғы науқас, делінген Мемлекеттік комиссияның Шұғыл штабы хабарламасында.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1958 жылғы науқас - Шахтинск қаласының тұрғыны.

5 сәуірде ол пневмония диагнозымен уақытша ашылған ауруханаға келіп түсті.

14 сәуірде коронавирус диагнозы расталған соң Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылды. Екі жақтан пневмония болған науқаста дерт ауыр жүрді.

Науқасқа 19 күн бойы ем-дом шаралары жүргізілді.

Дәрігерлер қанша тырысқанымен, науқасты аман алып қала алмады, ол 3 мамырда қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирустан жалпы 26 адам қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: