Коронавирустан көз жұмған Шымкент тұрғыны жайлы мәлімет белгілі болды

Алматы ӨКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2020 01:56 Алматы ӨКҚ
Марқұм - 1942 жылғы әйел адам, Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғыны.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы бүгін коронавирустан көз жұмған науқас туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Марқұм - 1942 жылғы әйел адам, Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғыны.

"ЖРВИ, пневмония диагнозымен 78 жастағы науқас жедел жәрдем көлігімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. 29 сәуірде науқастың жағдайы күрт нашарлап, жан сақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қосымша дерттері бар: 3-дәрежелі артериалды гипертензия, созылмалы бронхит, жоғары тәуекелдегі топтағы науқас", делінген хабарламада.

Ол емдік шаралардың толық жиынтығын алды. Дәрігерлер жасаған барлық реанимациялық шараларға қарамастан 3 мамырда сағат 10:20 уақытында науқас қайтыс болды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: