Атырау облыстық ПД басшысының орынбасарынан коронавирус анықталды
Total.kz
Бұған дейін Атырауда үш полиция қызметкерінен коронавирус анықталған болатын.
Атырау облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары коронавирус жұқтырған. Бұл туралы жергілікті "Ақ Жайық" басылымы жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Басылымның жазуынша, ол кеше Теңізден оралған, онда соңғы кезде мердігер компаниялардың жұмысшылары арасында тәртіпсіздіктер орын алып, құзырлы өкіл сол жаққа іссапарға аттанған. Атырауға келген соң, ол жүргізушісі екеуі КВИ бойынша тест тапсырды, нәтижесі оң болып шықты.
Бұған дейін Атырауда үш полиция қызметкерінен коронавирус анықталған болатын. Олар ауруды ұсталған адамдардан жұқтырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript