Жаңалықтар тізбегі
0

Ұшаққа отыру үшін COVID-19 анықтамасы талабының күшін жою туралы ұсынысқа түсінік берілді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2020 21:43 Pixabay
Біртіндеп, басқа аймақтар арасында рейстер ашыла бастап, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанда, осыны ескере отырып, біз бұл норманы қайта қарастыратын шығармыз.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР авиациялық әкімшілігінің ұшаққа отыру кезінде COVID-19 анықтамасы талабының күшін жою туралы ұсынысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүгін біз жаңа инфекция түрімен бетпе-бет келудеміз. Біз кімнің дұрыс, кімдікі бұрыс, анықтама талап ету керек пе, әлде керек емес пе деп ұзақ уақыт пікірталас жүргізе аламыз. Дегенмен біз ешнәрсені ойдан шығарып отырған жоқпыз, барлығын халықаралық тәжірибеге, зерттелген қолда бар мәліметтерге сүйеніп жасаймыз. Әрине, ұшақтар жайлы сөз болғанда, бұл жабық кеңістік екенін, сондықтан ауруды жұқтыру қаупі бар екенін дұрыс түсінуіміз керек. Бұл жағдайға басқалай да қарауға болады. Ешкім де науқас адамның қасында отырғысы келмеуі мүмкін. Сондықтан біздің міндетіміз - мұны мүмкіндігінше болдырмау және ұшу кезінде ауру жұқтыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді Есмағамбетова Facebook-тегі онлайн-брифингте.

Ол жағдай тұрақтанған кезде бұл ережелерді қайта қарастыруға болатындығын атап өтті.

Бұл норманы біз енгізіп отырмыз. Біртіндеп, басқа аймақтар арасында рейстер ашыла бастап, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанда, осыны ескере отырып, біз бұл норманы қайта қарастыратын шығармыз. Барлығы жағдайға байланысты болады. Біздің шара, ең алдымен, инфекцияның жұғуы мен оның таралуының алдын алуға бағытталған, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: