Атырау облысында 8 жастағы қыз, жүкті әйел мен студент коронавирус жұқтырды

piqsels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2020 18:51 piqsels.com
Өңірде Covid-19 жұқтырғандар саны 223 адамға жетті.

Атырау облысында коронавирус инфекциясының тағы 14 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб ақпаратына сілтеме жасап.

Өңірде Covid-19 жұқтырғандар саны 223 адамға жетті.

14 жаңа жағдайдың арасында 8 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны бар. Ол аудандық орталық ауруханада ем қабылдаған. Кішкентай қызда коронавирустың бар екендігі, ПТР тестілеу нәтижесінде анықталып, кейін іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, ол инфекциялық стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар, науқастардың ішінде индерлік 24 жастағы жүкті әйел бар.

4 мамыр күні Астраханнан келген 24 жасар студент те аталмыш дертпен ауруханаға түскен. Covid-19 анықталғанға дейін жігіт карантиндік стационарда жатқан.

Қазіргі уақытта науқастардың инфекция ошақтары анықталып, олармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ал, қалған 11 науқас туралы ақпарат кейінірек жарияланатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: