Денсаулық министрлігі карантин мерзімін ұзарту-ұзартпауға негіз бар-жоғын айтты
inbusiness.kz
Халық карантин шараларын сақтауы керек.
Онлайн-брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев карантин мерзімін ұзарту-ұзартпауға негіз бар-жоғын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, халық карантиндік шараларды сақтауы керек.
- Егер аурудың тіркелу статистикасын қарасаңыз, төмендеу құбылысын байқайсыз. Егер сәуірде орташа өсім 15-16% болса, соңғы екі аптада ол 7% -дан аспады, ал соңғы 3 күнде - 4%. Бұл мәселе мемлекеттік комиссия мен бас дәрігердің бақылауында. (Карантиннен шығуға) Алғышарттар бар, бірақ карантинді жоюдың нақты көрсетілген өз өлшемдері бар. Бұған қол жеткізу үшін халық Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған кеңестеріне құлақ түріп, айтқан шараларын орындауы керек, - деді ол.
Сұлтанғазиев індеттің екінші толқынының бізде болуы-болмауын алдын-ала болжау қиын екенін атап өтті.
Жаңа вирус, жаңа індет және екінші толқынның пайда болатын-болмайтынына нақты жауап беру өте қиын. Біз бәрін бақылап отырамыз және алдын ала оны байқауымыз керек, расында кейбір мемлекеттерде аурудың екінші толқыны байқалады. Сондықтан карантин шараларын сақтау керек, - деп түйіндеді сөзін ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript