Жаңалықтар тізбегі
0

Аппаратқа 29 сәуірде қосылған. Павлодар тұрғыны коронавирустан көз жұмды

ҚР ДСМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2020 21:31 ҚР ДСМ
23 сәуірде 57 жастағы Павлодар тұрғынынан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезде ер адамға бронхының асқынуы диагнозы қойылды, науқастың жағдайы орташа деп бағаланды, деп хабарлайды zakon.kz Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

8 мамырда Павлодар облысында коронавирус инфекциясына байланысты тағы бір кісі өлімі дерегі тіркелді. 23 сәуірде 57 жастағы Павлодар тұрғынынан COVID-19 инфекциясы анықталды. Ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ауруханаға түскенде ер адамға бронхының асқынуы диагнозы қойылды, науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Науқас 2 типті қант диабетімен дәрігер есебінде тұрған.

26 сәуірде денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ер адам жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыстырылды. Күн сайын республикалық мамандармен консультациялар өткізілді.

29 сәуірде ер адамның тыныс алуы тіптен ауырлап, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

2 мамырда науқастың жағдайының күрт нашарлағаны тіркелді. Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласынан кардиохирург шақырылды.

Жансақтау бөлімінде жатқанда науқаста жүрек және бүйрек қызметі бұзылды. Қарқынды жүргізілген терапияға қарамастан науқастың жағдайы нашарлай берді. Реанимациялық шаралар еш нәтиже бермеді. Ем-дом ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: