11 мамырда Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режиміне байланысты мәлімдеме жасайды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2020 00:32 zakon.kz
Жиын барысында Мемлекет басшысы Төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр.

Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

"Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр", - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстандағы Төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: