Абай мерейтойына орай суретшілер байқауы өтеді

thejizn.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2020 17:54 thejizn.com
Суретті салуға 2 сағат бөлінеді. Zoom платформасы арқылы комиссия мүшелерінің бақылауымен қатысушылардың туындылары бағаланады.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 15 мамыр күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде "Визуалды өнерде Абай әлемін бейнелеу" тақырыбындағы республикалық жас суретшілер байқауы өтеді.

Бұл туралы университеттің қоғаммен байланыс қызметі хабарлайды.

Кәсіптік білім кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылатын шығармашылық сайысқа колледж және мектеп бітіруші түлектер өз туындыларын ұсына алады.

Байқауға қағаз бетіне немесе кенепке түрлі-түсті бояумен (акварель, гуашь, акрил, майлы бояу) немесе графикалық құралдармен (тушь, перо, сангина, уголь, қарындаш, т.б.) Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналып салынған жұмыстар қабылданады.

Суретті салуға 2 сағат бөлінеді. Zoom платформасы арқылы комиссия мүшелерінің бақылауымен қатысушылардың туындылары бағаланады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын алған қатысушы Қыздар университетінде оқуға бір жылдық оқу ақысына 50 пайыздық, екінші орын алған қатысушы 25 пайыздық және үшінші орын алған қатысушы 15 пайыздық жеңілдік алады.

Айта кетейік, сайыс "Көркем еңбек және сызу" білім беру бағдарламасы тобы бойынша жүргізіледі.

Байқау Zoom платформасында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: