Жаңалықтар тізбегі
0

Мақтааралға дүнген мәдени орталығының гуманитарлық көмегі келіп жетті

Түркістан облыстық әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 20:56 Түркістан облыстық әкімдігі
Іс-шараны үйлестіріп, ұйымдастырған Түркістан облысы­ Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы хат­шы­лығының өкілдері біртұтас Қазақ елінің бірлігін нығайтатын бастамалар жалғасатынын мәлімдеді.

Бүгін Мақтаарал ауданына Жамбыл облысы, Қордай ауданынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл қайырымдылық керуенін Қордай ауданы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен "Жамбыл облыстық "Вынхуа" дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz.

5 млн. теңгенің гуманитарлық көмегі төтенше жағдай жөніндегі штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Оны еріктілер мен жауапты азаматтар қабылдап алды. Атап айтсақ, 11 тонна ұн,2,5 тонна қант, 2,5 тонна күріш, 1,5тонна макарон, 1500 литр өсімдік майы,5,3 тонна картоп, 500 келі пияз, 300 келі тұз, 1000 қорап шәй және жууға арналған тазалық заттарын қосқанда жалпы 30 тоннаға жуық тауар жеткізілді.

Осылайша, дүнген этносының өкілдері мақтааралдықтармен бірге екенін дәлелдеп, Мырзашөлдің тез еңсе тіктеуіне тілектес екендерін жеткізді. Керуенді бастап келген Қордай ауданы, Сортөбе ауылының әкімі Ілияс БуларовТұтас Қазақстан жұртшылығы бір халық ретінде жұдырықтай жұмылса, алынбас қамал жоқ екенін айтты.

"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев қиын кезеңде жанашырлық танытып, ыстық ықыласын ала келген қордайлықтарға алғысын білдірді. Іс-шараны үйлестіріп, ұйымдастырған Түркістан облысы­ Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы хат­шы­лығының өкілдері біртұтас Қазақ елінің бірлігін нығайтатын бастамалар жалғасатынын мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: