Тоқаев табысты заңдастыруға байланысты түзетулер енгізілген Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Алдында айтылғандай, бұл заң жобасын әзірлеу қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2021–2022 жылдары заңсыз ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) өзара бағалаудың екінші кезеңіне дайындығына қатысуымен байланысты туындады.
Заң жобасын дайындаушылардың пікірінше, ол халықаралық міндеттемелерді орындауда ашық қаржы жүйесі бар қауіпсіз ел ретінде еліміздің инвестициялық беделін арттыруға ықпал етеді. Заң жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындар талап етілмейді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.